Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтіп, әлем чемпионаты медальдарынан үміткер атанды

21:47, 10 желтоқсан 2025

© Сурет: ҚР ҰОК

Бүгін Дубайда бокстан әлем чемпионатының ширек финалындағы айқастар басталды. Шаршы алаңға бірінші болып 48 келідегі Теміртас Жүсіпов шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз непалдық қарсыласы Лал Прасад Упретиды ұтып, жартылай финалға өту арқылы ең кем дегенде әлем чемпионатының қола медалынан үмітті болды.

Жүсіповтен бөлек бүгін тағы 9 боксшымыз рингке шығады.

Бұған дейін қазақстандық маман үстел теннисінен 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік ететінін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!