Қарағанды облысында рельс жөндеп жатқан төрт теміржолшыны жүк пойызы қағып, мерт етті

19:48, 10 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасының төрт қызметкері жүк пойызының астына түсіп, қаза тапты. Жүк пойызы шұғыл тежегішті қосқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі қайғылы оқиға 10 желтоқсанда сағат 17-15-те Мойынты-Шығанақ учаскесінде Шешенқара-Қаражаңғыл темір жол өткелінде болғанын нақтылайды. Компания мәліметінше, аталған бағыт бойымен келе жатқан жүк пойызы машинисі жолдағы теміржолшыларды байқап, шұғыл тежеу тетігін қолданған. Бұл сәтте Сарышаған станциясының жол жөндеу бригадасы рельсті ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатқан.

"Алайда қабылданған барлық қауіпсіздік шараларына қарамастан, апатты болдырмау мүмкін болмады. Төрт жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау үшін ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұлттық компанияның бас инженері басқарады. Оның құрамына "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС және Магистральдық желі дирекциясының басшылары енеді.

Комиссия мүшелері дереу оқиға орнына барып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!