ҰБТ: Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлері үшін қандай артықшылық бар
© Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) талапкерлері үшін маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, сіздің қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша, қалауыңыз бойынша, сіз ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз. 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді", делінген орталық хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Айта кетсек, магистратураға түскісі келетін талапкерлер 8 шілдеге дейін өтініш өткізе алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 4 қазан 2024
Алматыда Құрманғазы оркестрі 90 жылдық мерейтойын атап өтуде
-
22:37, 4 қазан 2024
Ақмола облысында инсульт алған әйел құлыптаулы пәтері ішінде жалғыз қалып кеткен
-
21:54, 4 қазан 2024
6 қазандағы республикалық референдум: БАҚ-тарға ескерту жасалды
-
21:20, 4 қазан 2024
Экология министрлігі суреті желіде жарияланған өлі қоқиқаз фактісін назарға алды
-
20:42, 4 қазан 2024
«Күн қайта ысиды». Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы