Енді ел азаматтары Астанадан Миланға тікелей ұшып бара алады

17:47, 6 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Италияның NEOS авиакомпаниясы алғаш рет Астана әуежайынан Миланға қатынайтын рейстер ашты. Аталған бағыт бойынша бірінші рейс 2024 жылдың 8 шілдесінде орындалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады.


"Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына серпін береді. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, Түркияда азаматтық авиация туралы заңға өзгертулер ме түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, енді әуежайларда жолаушыларды тексеру рәсімі күшейтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!