Астанақұл, Астанали, Ерастанахан: Елімізде есімі астанамен байланысты қанша адам бар

10:51, 6 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Ұлттық статистикалық бюросы елімізде елорда күніне орай Астана есімі берілген 24 адам тұратынын нақтылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюроның мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Бұл есімге ие адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам.

"Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады".

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Олар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

2024 жылдың 1 маусымдағы дерек бойынша, елордадағы халық саны 1 464 415-ке жетті, оның 696 234-і - ер азаматтар, 768 181-і - әйелдер.

Айта кетсек, елімізде 6 шілде Астана күні болып саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!