«Енді Қайрат кетті...»: Бес тәулікке қамалған Қабатов елордада шығармашылық кешін өткізді

12:53, 6 шілде 2024

© Сурет: 1show.kz

Танымал актер Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында жеке шығармашылық кешін өткізді. Аншлагпен өткен кеште өнер иесі басында болған жайсыз жағдайға да әзіл-шыны аралас тоқтала кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 28 маусымда танымал қазақстандық шоумен Тұрсынбек Қабатовтың бес тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны белгілі болды. Оқиға 2 маусымда сағат 7:30 шамасында Алматы – Астана бағытына қатынайтын ұшақ бортында болған. Сотта аға стюардесса құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтқанын растады. Сот 25 маусымда өтті, сол күні әнші қамауға алынды.

"Осы концертке тыңғылықты түрде дайындалдым. Бес күн! Иә, бес күн дайындалдым. Әдейілеп тұрып, телефонымды, бәрін-бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шыққаным жоқ. Содан дайындалдым дейсің ғой. Ал бүгін Қайрат кетті дайындалуға", - деді кеште Тұрсынбек Қабатов әзіл-шыны аралас.

5 шілдеде әнші Қайрат Нұртастың ұшақ бортында бұзақылық жасап, 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!