«Жаңбыр жауып, жел тұрады». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

10:27, 6 шілде 2024

© Сурет: freepik

Оңтүстік астанада тұрақсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер алдағы жеті күн бойы найзағай ойнап жаңбыр жауады, қатты жел тұрады деп болжайды. Тек аптаның соңына қарай жауын-шашын кілт тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, қалада найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел тұрады. Жауын-шашын келесі аптаның соңында басылады.

Алматы қаласы бойынша 2024 жылғы 6-12 шілдеге арналған ауа райы болжамы:

6 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады. Аракідік найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +17...+19°C, күндіз: +27...+29°C.

7 шілде: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +28...+30°C.

8 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +26...+28°C.

9 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +28...+30°C.

10 шілде: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

11 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +30...+32°C.

12 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде : +20...+22°C, күндіз: +30...+32°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!