Пепе Криштиану Роналдудың кеудесіне басын қойып солқылдап жылады

09:44, 6 шілде 2024

© Сурет: twitter.com/UEFAcom

Әлеуметтік желіде Еуропа чемпионатынан "ұшып кеткен" Португалия құрамасының қорғаушысы Пепенің көз жасына ерік берген видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пепе Криштиану Роналдудың кеудесіне басын қойып солқылдап жылады. Шешуші сәтте финалға өте алмай, өзегі өртенген Криштиану әріптесін де, өзін де осылайша жұбатты.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, 41 жастағы Пепе үшін бұл өз мансабындағы соңғы ірі турнирі көрінеді, сондықтан ол чемпионаттан шығып қалғандарына қатты назалы.


Еуроның 1/8 финалында Словениямен болған ойында (0:0, 3-0 пен) Роналдудың өзі көз жасына ерік берген еді. Ол овертаймда қарсылас қақпасына пенальти соға алмады.

Бұған дейін Португалия құрамасы Еуропа чемпионатынан шығып қалғаны хабарланған болатын. Ширек финалда Роберто Мартинестің командасы Франциямен тең түсіп, овертаймдағы пенальтиде жеңіліп қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!