Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен барды
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 15 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр".
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:19, 15 шілде 2026
«Қыз зорлығы». Полиция қоғамдық резонансқа ие іске қатысты түсініктеме берді
-
18:59, 15 шілде 2026
Майра Мелдебекова ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
-
18:21, 15 шілде 2026
Томас Тухель: Мессиді Әлем чемпионатының жартылай финалында тоқтатуға тырысамыз
-
17:55, 15 шілде 2026
Қазақстанда 2 млн теңге жалақыны кімдер алады - Еңбекмин мәліметтері
-
17:36, 15 шілде 2026
Көлік орындығында тұрған «жылтыр пакетке келген айыппұл» - полиция түсініктемесі







