Қазақстанда 2 млн теңге жалақыны кімдер алады - Еңбекмин мәліметтері

17:55, 15 шілде 2026
MKZ: 1556303

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін, 2026 жылғы 15 шілдеде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Еңбекмин) өткен айда электрондық еңбек биржасында (ЭБТ) қанша жұмыс орыны орналастырылғанын және жұмыс берушілер кімге ең жоғары жалақы ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2026 жылғы маусымда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 108,7 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 126,7 мың түйіндеме орналастырды.

Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 25,4%-ға, ал түйіндемелер саны 38,3%-ға артты.

Еңбекмин мәліметінше, маусым айында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарының қатарында:

  • дивизион директоры (≈1,98 млн теңге),
  • басқарма бастығының орынбасары (≈1,38 млн теңге)
  • ұңғыма инженері (≈1,31 млн теңге) лауазымдары болды.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақы күтімі:

  • ұшқыш (≈3,4 млн теңге),
  • жүйелік сәулетші (≈2,5 млн теңге)
  • дәрігер-хирург (≈2 млн теңге) мамандықтары бойынша тіркелді.

Платформадағы еңбек нарығы мамыр мерекелеріне тән маусымдық бәсеңдеуден кейін қайта жанданды. Жұмыс күшінің артуына еңбек нарығына оқу орындарының түлектерінің шығуы да ықпал етті.

Салалық құрылым бойынша сұраныс көшін білім беру саласы (19,2 мың бос жұмыс орны) бастап тұр. Сонымен қатар өзге де қызметтер көрсету саласында (16,5 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығында (12,1 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында (9,5 мың), сондай-ақ құрылыс (8,4 мың) және өңдеу өнеркәсібі (7,3 мың) салаларында да кадрларға сұраныс жоғары деңгейде сақталды.

Өңірлік бөліністе ең көп бос жұмыс орны Түркістан облысында (12,3 мың), Астана қаласында (8,5 мың), Жамбыл облысында (7 мың) және Қарағанды облысында (6,7 мың) жарияланды.

Біліктілік деңгейі бойынша сұраныс құрылымында орта білікті мамандар мен біліктілігі төмен қызметкерлерге арналған бос жұмыс орындарының үлесі іс жүзінде теңесті – барлық ұсыныстың шамамен 37-38%-ын құрады. Бұл ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларындағы жұмысшы мамандықтарына маусымдық сұраныстың артқанын көрсетеді. Ал жоғары білікті мамандарға барлық бос жұмыс орындарының 25%-ында сұраныс қалыптасты.

Жұмыс күшінің ұсынысы жағынан маусым айында 126,7 мың түйіндеме жарияланды. Жұмыс іздеушілер арасында 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі басым болды – олар барлық жарияланған түйіндеменің 49%-ын құрады. Бұл көрсеткіштің артуына еңбек нарығына оқу орындарының түлектерінің шығуы әсер етті. Жұмыс іздеушілердің ішінде 35–44 жас аралығындағы азаматтар – 25%, 45–54 жас аралығындағылар – 17%, ал 55 жастан асқандар 9%-ды құрады. Гендерлік құрылым бойынша жұмыс іздеушілердің 55%-ы әйелдер, 45%-ы ерлер.

Біліктілік деңгейі бойынша жұмыс күшінің ұсыныс құрылымы да еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес келеді: түйіндемелердің 37%-ы орта білікті мамандарға, 33%-ы жоғары білікті мамандарға, ал 30%-ы біліктілігі төмен жұмыс іздеушілерге тиесілі.

"Жалпы, маусым айының қорытындысы Enbek.kz платформасында мамыр айындағы маусымдық бәсеңдеуден кейін еңбек нарығындағы белсенділіктің қайта жанданғанын көрсетті. Сұраныс пен ұсыныс көлемі жыл басынан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Жұмыс берушілердің кадрларға деген негізгі сұранысы негізінен әлеуметтік салада, қызмет көрсету секторында және маусымдық салаларда сақталуда. Ал жұмыс күшінің ұсынысы жағынан жастардың, әсіресе оқу орындарының биылғы түлектерінің еңбек нарығына белсенді шығуы байқалады". ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Жыл басынан бері платформада 604,4 мың бос жұмыс орны және 736 мың түйіндеме жарияланды.

Бұған дейін Ұлттық банк инфляция деңгейіне қатысты пікір білдірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!