Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр
© Сурет: Instagram/gabit_syzdykbekov, zhasyl.zher.almaty
Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталып тұр. Ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілген Алматы мен Шымкентте көшелерді салқындату үшін ауаға су шашу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы "Жасыл жер Алматы" компаниясының мәліметінше, Бостандық ауданында жазғы аптап кезінде қалалық көшелерді салқындату жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
"Арнайы коммуналдық техниканың көмегімен жолдың жүріс бөлігі мен қоғамдық кеңістіктерге су себіледі. Бұл ауа температурасын төмендетуге, шаңды азайтуға және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді", – деп хабарлады компания.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар қаланың санитарлық тазалығын сақтауға ғана емес, аптап ыстықтың кері әсерін азайтуға да көмектеседі.
Осындай тәсіл Шымкентте де қолданылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
"Ыстық ауа райына байланысты қалалық қызметтердің жұмысы күшейтілді. Арнайы техника көшелерге су шашып, жол жабынын, балалар және спорт алаңдарын, сондай-ақ адам көп жиналатын қоғамдық орындарды суарып жатыр", – деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, бұл жұмыстар таңертеңнен кешке дейін жүргізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімі аптап ыстыққа байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлерді жұртшылыққа ауызсу таратуға шақырған болатын.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматы мен Шымкентте аптап ыстықтың беті қайтпайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





