Тыйым салынған «салма»: бөлке нанның ішінен екі телефон табылды
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мекемеге жеткізілген азық-түлік сәлемдемесін тексеру кезінде қызметкерлер бөлке нанның ішіне жасырылған екі ұялы телефонды анықтады. Табылған заттар тәркіленіп, оқиға бойынша тиісті материалдар рәсімделді.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мұндай заңсыз әрекеттер ара-тұра тіркеліп тұрады. Алайда қызметкерлердің қырағылығы мен сәлемдемелерді мұқият тексерудің нәтижесінде тыйым салынған заттардың режимдік аумаққа өтуіне жол берілмейді.
ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканованың айтуынша, ұялы телефондар мен басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу мекемедегі қауіпсіздікке және жазаны өтеудің белгіленген тәртібіне қауіп төндіреді.
"Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деді ол.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру немесе оларды беруге әрекет жасау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 13 тамыз 2026
Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр
-
22:27, 13 тамыз 2026
Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды
-
21:33, 13 тамыз 2026
Баспана саласындағы мемлекеттік саясат ұсыныстың орнына сұранысты арттырып, бағаны өсірді - экономист
-
21:12, 13 тамыз 2026
Ақтауда студенттерден 1 млн теңге жинап алған алаяқ ұсталып, сотталды
-
20:53, 13 тамыз 2026
«Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды». Қостанай облысында балалар орталығы жабылды





