«Қыз зорлығы». Полиция қоғамдық резонансқа ие іске қатысты түсініктеме берді

19:19, 15 шілде 2026
MKZ: 1556316

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбеде 21 жастағы жергілікті тұрғын 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Құқық қорғау органдары бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаға ұстатар оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің хабарлауынша, екі ай бұрын аймақтағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын қыз зорлаған, бірақ ол әлі күнге дейін бостандықта жүрген көрінеді.

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растап, желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", деп нақтылады Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 15 шілдеде ПД-дан.

Бұған дейін Абай облысында пышақталған 20 жастағы қыздың денесі табылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!