Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші анықталды

10:36, 15 шілде 2026
MKZ: 1556194

© Фото: Zakon.kz

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері орнатылған көлік құралын пайдалану дерегін анықтады.

"Павлодар қаласында Н. Назарбаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында полицейлер ГАЗ автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланғаны анықталды. Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді", – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану – заң талаптарын өрескел бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттер көбінесе көлік құралдарын заңсыз пайдалану, әкімшілік жауапкершіліктен жалтару және басқа да құқық бұзушылықтарды жасыру мақсатында жасалады.

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында аталған бап бойынша полицейлер 5725 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Полиция еске салады: әрбір көлік құралының иесі автокөлікті тек осы көлікке ресми тіркелген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен ғана пайдалануға міндетті.

Заң талаптарын сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің және жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығының кепілі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!