Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысымен кездесті
© Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минмен кездесті. Кездесу барысында ШЫҰ жұмысын дамыту және оны одан әрі жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, президент ұйымның "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" атты Астанада өтетін алдағы саммитіне Қазақстан тарапы ерекше мән беретінін жеткізді.
"Бізге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет деп ойлаймын. Өйткені қазіргі геосаяси ахуалды ескерсек, алдағы Астана саммитінің маңызы өте зор. Саммит барысын және оның аясында қабылданатын шешімдер мен келіссөздерді бүкіл әлем бақылап отырады. Білуімше, Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары аталған жиынға түгел қатысуға ниет білдіруде. Ұйымдастырушы тарап ретінде Қазақстан саммиттің табысты өтуі үшін қолдан келген шараның бәрін жасайды". Қасым-Жомарт Тоқаев
Чжан Мин Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттыруға Қазақстан елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
"Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанның үлкен күш-жігер жұмсап жатқанын және жоғары мәртебелі Президент мырза, сіздің ШЫҰ қызметін жетілдіруге айрықша мән беріп отырғаныңызды жоғары бағалаймын. Астана саммитінің сәтті өтетініне сенімдіміз," - деді бас хатшы.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ШЫҰ-ны өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық ықпалдастық және мәдени-гуманитарлық байланыс процестерін ынталандырудың пәрменді тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің қорытынды құжаттарының мазмұны бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жүргізу маңызды екеніне назар аударды. Онда ұйымға мүше барлық мемлекеттің көзқарасы мен ұстанымдары ескерілгені жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 27 сәуір 2024
Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды
-
14:28, 27 сәуір 2024
Нұрлан Ағытаев та алаяқтар құрбаны болды
-
13:58, 27 сәуір 2024
Тоқаевпен кездескен елордалық жас: Арманым орындалды!
-
13:44, 27 сәуір 2024
Қар аралас жаңбыр, бұршақ: Еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
-
12:43, 27 сәуір 2024
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді