Тоқаев Мұхаммед Әл-Шамисиді қабылдады
© Сурет: zakon.kz
Тоқаев Мұхаммед Әл-Шамисиді қабылдады
Мемлекет басшысы AD Ports Group басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Шамисиді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы алаңында Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті.
Президент AD Ports Group бүгінде теңіз арқылы тасымалдау және порт инфрақұрылымын дамыту саласында әлемдегі жетекші операторлардың бірі ретінде танылғанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Орта дәлізді дамыту аясында Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Брюссельге жасаған ресми сапары аясында Еуропалық Одақ басшылығы мен еуропалық іскерлік қоғамдастық өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағытын Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі көлік жолдарының бірі ретінде бағалап, осы бағдар арқылы жүк ағынын кеңейтуге әзір екендерін айтқанын жеткізді.
Кездесуде жүк тасымалы саласындағы бірлескен кәсіпорындар қызметіне, сондай-ақ порт инфрақұрылымын дамыту, астық және жүк терминалдарын салу мәселесіне баса мән берілді.
Мұхаммед Әл-Шамиси холдингтің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа және өңірдегі серіктестікті нығайтуға стратегиялық тұрғыдан қызығушылық танытатынын растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:34, 2 шілде 2026
3 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:21, 2 шілде 2026
Семейде полицей жанып жатқан үйден әйелді аман алып шықты
-
19:15, 2 шілде 2026
Алаяқтар жаңа айлаға көшті: жеке деректеріңізді қалай қорғауға болады
-
19:06, 2 шілде 2026
Қазақстандық балуандар U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
-
18:42, 2 шілде 2026
Anadolu Group 100 млн доллар қаржы тартылған алтыншы кәсіпорнының құрылысын бастады





