Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Финляндия – Қазақстанның Солтүстік Еуропа аймағы мен тұтас Еуропа Одағындағы сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынасты, атап айтқанда, сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді. Сонымен қатар фармацевтика, өнеркәсіптік машина жасау және инженерия сияқты салаларда фин компанияларымен бірлесе қолға алған жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ісіне табыс тіледі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Финляндия президенттері бір-біріне сапармен баруға келісті. Бұл сапарлар Астана мен Хельсинки арасындағы саяси және экономикалық серіктестікті нығайтуға тың серпін береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 13 қараша 2024
Ақмола облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды
-
22:20, 13 қараша 2024
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады
-
21:52, 13 қараша 2024
Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды
-
21:25, 13 қараша 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы туринирдің қысқа бағдарламасында үшінші орын алды
-
20:56, 13 қараша 2024
Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды