Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

17:00, 3 қараша 2026
MKZ: 1575757

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз", – делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!