Орал әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды
© Фото: freepik
Орал қаласында әкімдік бөлімінің жобалау ұйымдарымен жасаған меморандумдары бәсекелестік заңнамасын бұзғаны анықталды. Заң бұзушылыққа жол берген қала әкімінің орынбасары әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының талдауы нәтижесінде жергілікті атқарушы органның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, Орал қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы тегін әзірлеу туралы меморандумдар жасаған. Кейін бұл жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыру көзделген. Прокуратура мұны бәсекелестікке қарсы әрекет деп таныды.
Заң бұзушылыққа жол берген Орал қаласы әкімінің орынбасарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 163-бабы 1-бөлігі бойынша 648 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұл толық өндірілді.
Прокуратура бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 2 қараша 2026
Қазақстандық банктердің кредит беру тәртібі тексеріледі
-
19:40, 2 қараша 2026
Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
19:21, 2 қараша 2026
Астанада екі әйел пәтер алып береміз деп тұрғындарды алдаған
-
18:51, 2 қараша 2026
Ауыл балалары арасындағы республикалық турнирде үздік шыққан елді мекендерде спорт алаңы салынады
-
18:51, 2 қараша 2026
Ауыл балалары арасындағы республикалық турнирде үздік шыққан 10 елді мекенде спорт алаңы салынады





