Ирина Юнусметова нысана көздеуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17:46, 3 қараша 2026
MKZ: 1575770

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының мергені Ирина Юнусметова Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 50 метр қашықтықтан тапаншамен нысана көздеу сайысында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жарыс қорытындысы бойынша Юнусметова 537 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

546 ұпай жинаған Түркия өкілі Севваль Илайда Тархан алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 542 ұпай еншілеген Армения спортшысы Эльмира Карапетянға бұйырды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының осы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!