Ақтөбедегі Неке сарайында әйелді пышақтап өлтірді

17:37, 3 қараша 2026
MKZ: 1575767

© Фото: unsplash

2026 жылғы 3 қарашада Ақтөбе қаласындағы Неке сарайында әйелді пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ақтөбелік әйел бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, көз жұмған.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сондай-ақ күдікті қылмыс ізін суытпай анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмыстың себептері мен жасалу уәжін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!