«Кездесуге» кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті
© Фото: pexels
Жамбыл облысында құрдасымен жанжалдасқан мектеп оқушысы ауруханаға түсті. Зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 31 қазан күні кешке Бірлесу-Еңбек ауылында болған. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы жазды.
Тоғызыншы сынып оқушысының туыстарының айтуынша, оны қатыгездікпен ұрып-соғуға себеп болған жағдай – бейресми "жиынға" кешігіп келуі. Зардап шеккен баланың жақындары ауылда бейресми иерархия қалыптасқанын айтады.
"Жоғары сынып оқушылары өздерінен кішілерді түрлі тапсырмаларды орындауға мәжбүрлеп, олардан ақша жинайды. Ал бағынбағаны немесе кешіккені үшін жазалайды деген ақпарат бар", – делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары да пікір білдірді. Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілдері 2026 жылғы 2 қарашада Zakon.kz тілшісіне бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің арасында жанжал туындаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
Полиция тергеу амалдары жалғасып жатқанын, ал туыстары айтқан бопсалау және ақша жинау деректері мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеді.
Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 2 қараша 2026
Құрылтай депутаттары Жолдаудағы энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру жолдарын талқылады
-
21:38, 2 қараша 2026
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
-
21:18, 2 қараша 2026
Ердоған Қазақстан аумағының үстімен ұшып бара жатқанда Тоқаевқа хат жолдады
-
20:29, 2 қараша 2026
Елдің бірнеше өңірінде тұман, үсік және өрт қаупі сақталады
-
20:15, 2 қараша 2026
Қазақстандық банктердің кредит беру тәртібі тексеріледі





