Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастығының басым бағыттарын, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін талқылады, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Қазақстан мен БҰҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыра береді. Қазақстан – біз үшін мультилатерализмнің тірегі, жаһандық деңгейдегі бейбітшілік қорғаны ретінде басымдыққа ие серіктес ел", – деді Антониу Гутерриш.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы ретіндегі қызметіне жоғары баға беріп, оның бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерін одан әрі қолдауға дайын екенін растады.
Қазақстан Президенті қазіргі заманның ең өзекті проблемаларын шешуде БҰҰ айрықша рөл атқаратынын және оның ешқандай баламасы жоқ екенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке Ұйым қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ой-пікірін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:26, 22 желтоқсан 2024
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктерге ҚР-да тұруға келісуден бас тарту жағдайын түсіндірмеуге құқылы
-
10:57, 22 желтоқсан 2024
«Пышақ тақап, электрошокер қолданған». Атырауда әскери мектепте тексеру жүріп жатыр
-
10:41, 22 желтоқсан 2024
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері тағайындалды
-
09:49, 22 желтоқсан 2024
Атырауда саусағына темір «тағып алған» бала дәрігерлер мен құтқарушыларды әбігерге түсірді
-
09:39, 22 желтоқсан 2024
Қостанайда фельдшердің аяусыз соққыға жығылуы: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады