Тоқаев «Атлетико Мадрид» клубының бас директорын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 22 қазанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген реми ақпаратқа сай, президент клубпен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар еліміздегі футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда.
Тоқаев ФИФА-мен бірлесіп, барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударды.
Кездесуде Президент Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне де тоқталды. Қазақстан осы озық тәжірибені терең зерделеп, оны дарынды футболшылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.
Өз кезегінде Мигель Анхель Хиль Марин елімізде футболды қолдауға ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
Ол Алматы облысындағы "Атлетико Мадрид" академиясының инфрақұрылымын жоғары бағалап, болашақта оның футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің біріне айналатынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 22 қазан 2026
Ядролық қондырғыларды орналастыру алаңын таңдау қағидалары жаңартылды
-
15:16, 22 қазан 2026
Алматы облысында жеке үйдің темір қоршауын қиратып кеткендерге қатысты іс тергеліп жатыр
-
15:08, 22 қазан 2026
«Сәл күте тұру керек еді»: алматылық фотограф Ақтас үстіртіндегі күн батуын түсіріп алды
-
14:55, 22 қазан 2026
Алматыда нөмірсіз Toyota көлігін мінген 19 жастағы жүргізуші полициядан қашпақ болды
-
14:48, 22 қазан 2026
Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде газ жарылып, екі бала зардап шекті





