Тоқаев Астана әкіміне ғимараттарға граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды

14:48, 19 қыркүйек 2026
MKZ: 1567741

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғаларына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларға еліміздің қалаларында жол бермеу керек.

"Шығармашылық" деген желеумен қоғамдық орындар мен ғимараттарды бүлдіруге болмайды. Мемлекет басшысы әлемде мұндай әрекеттер вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатынын атап өтті.

Тоқаев қоғамдық орындарды бүлдіретін граффитиге толық тыйым салуға бағытталған заңнамалық және нормативтік шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!