Қазақстан шекарасын жасырын түрде кесіп өтпек болған шетел азаматы ұсталды
© Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған Өзбекстан азаматы тұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиға 12 қыркүйекте "Жамбыл" шекара бөлімшесіне қарасты аймақта болған, деп жазады "Диапазон" басылымы.
"Бақылау пункті" нарядындағы әскери қызметшілердің қырағылығының арқасында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қарай бет алған, белгіленген тәртіпті айналып өтіп, шекараны әдейі кесіп өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды", деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.
Айта кетсек, 2026 жылғы 2 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметінің тамыз айындағы жұмыс нәтижелерін жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:32, 18 қыркүйек 2026
Көкшетауда ер адам студент қызды жарақаттады
-
20:10, 18 қыркүйек 2026
Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды
-
19:45, 18 қыркүйек 2026
Астанадағы Дэвис кубогы: Таиландқа қарсы қос матчта да Қазақстан жеңіске жетті
-
19:38, 18 қыркүйек 2026
Атырау облысында экологияға зиян келтірген компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салынды
-
18:59, 18 қыркүйек 2026
Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды





