Атырау облысында экологияға зиян келтірген компанияға 1,4 млрд теңге айыппұл салынды
© Сурет: gov.kz
Атырау облысының Экология департаменті "Потенциал Ойл" ЖШС қызметін қоршаған ортаны қорғау заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, өндірістік қоршаған ортаны дұрыс бақылау, ағынды суларды бақылау талаптарын бұзу, міндетті экологиялық есептерді тапсырмау, кешіктіріп тапсыру және дұрыс тапсырмау жағдайлары анықталды.
"Сонымен қатар, ластаушы заттардың шығарындылары мен кейбір жұмыс түрлерінің тиісті экологиялық рұқсатсыз орындалуы, белгіленген шығарындылар лимиттерінен асып кетуі және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқару талаптарын бұзу жағдайлары анықталды. Ластанған топырақ пен түбіндегі шламның қажетті экологиялық рұқсаттар мен бекітілген лимиттердісіз жиналып қалғаны, ал қалдықтарды басқару бағдарламасы кәсіпорын шығарған нақты қалдықтарға сәйкес келмегені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге әкімшілік айыппұл салынды", делінген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі хабарламасында.
"Потенциал Ойл" ЖШС қолданылған шараларға қатысты сотқа шағымданғаны да нақтыланады. Алайда бірінші және апелляциялық соттар компанияның шағымдарын қанағаттандырмады.
"Қазіргі уақытта мемлекетке жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар толық өндірілді", - дейді ведомстводан.
Бұған дейін Атырауда ауаның ластану фактісі анықталғаны, осыған байланысты Экология министрлігі мәлімдеме жасағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:14, 18 қыркүйек 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Ғалым Сүлейменнің қазасына байланысты көңіл білдірді
-
20:32, 18 қыркүйек 2026
Көкшетауда ер адам студент қызды жарақаттады
-
20:10, 18 қыркүйек 2026
Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды
-
19:45, 18 қыркүйек 2026
Астанадағы Дэвис кубогы: Таиландқа қарсы қос матчта да Қазақстан жеңіске жетті
-
19:23, 18 қыркүйек 2026
Қазақстан шекарасын жасырын түрде кесіп өтпек болған шетел азаматы ұсталды





