Таразда себепсіз жұмыстан шығарылған әйел өз құқығын қорғап, сот арқылы 1,6 млн теңге өндіріп алды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Таразда сот жұмыстан заңсыз шығарылған түзеу мекемесі қызметкерінің жағына шығып, құқықтарын қорғады. Әйел адам жұмысына оралып қана қоймай, едәуір өтемақы да өндіртіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл оқиға 2025 жылы мамырда белең алған. Хаттарды жеткізу және тасымалдау инспекторы болып жұмыс істеген азаматша Ж. аяқ-астынан жұмыстан шығып қалады. Жұмыс беруші оны жұмысқа келмеді деген себеппен жұмыстан шығарған.
"Талап қоюшы мекеме басшылығының бұл әрекеттерімен келіспей, оның жұмыста болмауы дәлелді себеппен, яғни ауруханада болудан туындағанын көрсетіп, сотқа өз құқықтарын қорғау үшін жүгінді", делінген сот хабарламасында.
Сот жауапкердің қызметкердің жұмыста болмау себептерінің дәлелсіз екендігі туралы уәждерін толығымен жоққа шығарды.
Сот келесі негізгі фактілерді анықтады:
- Талап қоюшы ұсынған уақытша еңбекке жарамсыздық туралы ресми парақтар оның аталған кезеңде емделіп жатқанын растады.
- Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің жоспардан тыс тексеруі жұмыс берушінің тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімін бұзғанын растады – қызметкерден жазбаша түсініктемелер тиісті түрде талап етілмеген.
"Сот шешімімен жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Азаматша Ж. бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды. Сондай-ақ мекемеден талап қоюшының пайдасына мәжбүрлі жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысы және келтірілген моральдық зиянның өтемақысы өндіріліп, жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады", - дейді облыстық соттан.
Шешім заңды күшіне енді.
Бұған дейін тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгеріс енгізілгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:23, 18 қыркүйек 2026
Қазақстан шекарасын жасырын түрде кесіп өтпек болған шетел азаматы ұсталды
-
18:59, 18 қыркүйек 2026
Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды
-
18:52, 18 қыркүйек 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен дүниеден өтті
-
18:16, 18 қыркүйек 2026
Мәскеу – Астана рейсінде масаң күйдегі шетелдік азамат лаң салған
-
17:57, 18 қыркүйек 2026
«Күн райы күрт бұзылады». Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы





