Түркістан облысында өзін зорлады деп жалған айғақ берген азаматша бес жылға сотталды
© Сурет: pexels
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігімен, яғни сотта көрінеу жалған айғақтар беру бойынша адвокатқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 4 сәуірде өңір прокуратурасы хабарлады:
"Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқысы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген. Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған. 2026 жылы 18 ақпанда сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып, оларға 5 және 6,5 жылға тисінше бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".
Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесте шынайы айғақтарды беруге шақырады.
Көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
15:54, 4 сәуір 2026
Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды
-
15:42, 4 сәуір 2026
Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті





