Терезенің торын шешіп, өзгенің үйіне ұрлыққа түскен ақмолалық ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Ақмола облысында москит торын шешіп, біреудің үйіне кіріп, ұрлық жасаған қаскүнем ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аршалы ауданының тұрғыны полиция бөліміне 24 шілдеде белгісіз адам үйге кіріп телефонын ұрлағанын хабарлады.
Таңғы сағат 8 шамасында қаскүнем москит торын шешіп, жеке үйдің жатын бөлмесіне кіріп, Samsung ұялы телефонын ұрлап кеткені анықталды.
Залал сомасы 81 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.
Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Заттай дәлел тәркіленді.
Ақмола облысының полиция департаменті көктемгі-жазғы кезеңде үй ұрыларының айтарлықтай белсенділігі артатынын еске салады және азаматтарға жеке мүлкін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға кеңес береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 6 шілде 2024
Енді ел азаматтары Астанадан Миланға тікелей ұшып бара алады
-
17:22, 6 шілде 2024
Қырғызстанда төңкеріс жасамақ болған күдіктілердің бірінен депутаттың әскери билеті табылды
-
16:55, 6 шілде 2024
Түркияда туристердің жүгі енді мұқият тексерілетін болады
-
16:15, 6 шілде 2024
ТМҰ-ның бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды
-
16:15, 6 шілде 2024
ТМҰ-ның бейресми саммиті қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясы қабылданды