Теңгенің нығаюы Қазақстандағы бағаға қалай әсер етті

15:04, 23 қазан 2026
MKZ: 1574026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 23 қазанда өткен брифингте теңгенің нығаюы инфляцияның баяулауына ықпал етіп, импорттық тауарлар бағасының өсуін тежейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, отандық экономика әзірге халық тұтынатын барлық тауарға сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды.

"Сондықтан біз тауарларды көп импорттаймыз. Азық-түліктің шамамен 28%-ын, ал аралық және инвестициялық тауарлардың 50%-дан астамын, меніңше, 58%-ын сырттан әкелеміз. Демек, бұл тауарлардың елге теңгемен есептегенде қандай бағамен жеткізілетіні ұлттық валютаның қаншалықты нығайғанына байланысты", – деді ол.

Ұлттық банк басшысы Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі Ресей екенін, онымен есеп айырысу рубльмен жүргізілетінін атап өтті.

"Теңге рубльге қатысты шамамен 18%-ға, долларға қатысты 12%-ға нығайды. Яғни рубльмен және доллармен есеп айырысып, сырттан сатып алатын тауарлар арзандады. Әрине, дәл осындай мөлшерде емес. Біз "храповик" әсерін түсінеміз: баға бір рет көтеріліп, жоғары деңгейде орнықса, кейін сирек төмендейді. Бірақ теңгенің нығаюы, кем дегенде, бағаның одан әрі өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. ТМД елдерінен импортталатын азық-түлік пен тауарлар бағасының 3,2%-ға төмендегенін байқап отырмыз. Сондықтан нығайған теңге инфляцияның баяулауына сөзсіз ықпал етеді", – деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Қазақстанның валюта нарығында доллар ұсынысының неліктен артқанын түсіндірген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!