23 қазандағы саудада доллар бағамы тағы өсті

15:46, 23 қазан 2026
MKZ: 1574039

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 23 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,96 теңгеге өсіп, 451,05 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,09 теңгеге көтеріліп, 5,60 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы 0,27 теңгеге өсіп, 67,42 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында валюталарды сатып алу және сату бағамдары мынадай:

  • - доллар – 450,7 / 453 теңге;
  • - еуро – 504 / 508,3 теңге;
  • - рубль – 5,38 / 5,51 теңге.

23 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,86 долларға қымбаттап, 114,03 долларға жетті.

Нью-Йорктің NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,85 долларға қымбаттап, 100,32 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша доллар – 447,94 теңге, еуро – 502,32 теңге, рубль – 5,52 теңге болды.

23 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын мына жерден білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!