400 пәтерде үлесі болған: қазақстандықтар мемлекеттен баспана алу үшін қандай айлаға барады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Отбасы банктің алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы департаментінің директоры Азат Әшімов 2026 жылғы 22 қазанда Астанада өткен конференцияда мемлекеттен баспана алуға үміткер азаматтарды тексеру кезінде анықталған ерекше жағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Азат Әшімов мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұру үшін азаматтың соңғы бес жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік болмауы керегін еске салды. Алайда іс жүзінде пәтерге толық иелік етпейтін, бірақ баспананың үштен бір, бестен бір немесе жетіден бір үлесі бар азаматтар кездескен.
"Мұндай үлестер 1990-жылдары және 2000-жылдардың басында, олардың ата-аналары мемлекеттен баспана алған кезде пайда болған. Ол кездегі балалар қазір есейгенімен, ата-анасының пәтеріндегі үлестері сақталған. Бұл мәселе азаматтар тарапынан көп сұрақ туғызды. Сондықтан тұрғын үйдегі үлесі бөлініп, оның мөлшері 50%-дан аспаса, баспана кезегіне тұруға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдадық. Алайда кейін үш пәтердің әрқайсысында үштен бір үлесі бар азаматтарды кездестірдік. Үлесі 50%-дан аспайтындарға рұқсат беру туралы шешім олардың да есепке тұруына мүмкіндік берген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, жағдайды талқылап, талдағаннан кейін заңнамаға түзету енгіздік. Оған сәйкес, мұндай үлес тек бір тұрғын үйде ғана болуы тиіс", – деді Азат Әшімов.
Ол азаматтардың мемлекеттен баспана алу үшін қандай әрекеттерге баратынын нақты мысалмен түсіндірді.
"Кезекте тұрғандардың тізімін олардың келісімінсіз түгендеуге құқық алған кезде 400 пәтерде үлесі бар азаматты анықтадық. Бұған дейін ол түгендеу жүргізуге келісім бермеген. Заңдағы тұрғын үй үлесіне қатысты норма осындай азаматтардың мемлекеттік қолдау алуын шектеуге мүмкіндік береді. Өйткені біз қолдауды баспанасы жоқ, оны өз бетінше алуға мүмкіндігі де жоқ азаматтарға көрсетуіміз керек", – деп түйіндеді Азат Әшімов.
2026 жылғы 21 қазанда Құрылтай депутаты Әмірбек Оспанбеков еліміздің тұрғын үй қорында 61 367 көппәтерлі тұрғын үй бар екенін мәлімдеген еді. Оның 1 037-сі апатты жағдайда, ал 3 347-сі тозығы жеткен үйлер санатына жатады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 22 қазан 2026
«Дөңгелек, автокөлік бөлшектері». ІІМ алаяқтықтың жаңа бір толқыны туындағанын ескертті
-
17:02, 22 қазан 2026
АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәтқалиевтің есебін тыңдады
-
17:02, 22 қазан 2026
АЭС құрылысы және ядролық қауіпсіздік: Тоқаев Сәқалиевтің есебін тыңдады
-
17:00, 22 қазан 2026
Стриминг, кабель әлде спутник ТВ: 2026 жылы Қазақстанда нені таңдаған дұрыс
-
16:55, 22 қазан 2026
Әлемде алғаш рет сирек кездесетін Шамонда вирусын жұқтырған науқас қайтыс болды





