Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
© Фото: Zakon.kz
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Сонымен қатар 24–29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске саламыз, көлік қозғалысына қатысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 23 қазан 2026
Қазақстанда бір жылда қандай азық-түлік арзандады
-
16:46, 23 қазан 2026
Қазақстанда жүргізушілердің медициналық рұқсатын автоматты түрде есепке алу жоспарланып отыр
-
16:37, 23 қазан 2026
Жетісу облысында мас жүргізушілер ұсталды
-
16:30, 23 қазан 2026
Экономистер доллар бағамы жыл соңына дейін айтарлықтай өзгермейді деп болжап отыр
-
16:21, 23 қазан 2026
Орал тұрғыны көлік нөміріне әдепсіз жазу жазғаны үшін айыппұл арқалады





