Ұлттық банк ертең базалық мөлшерлеме көлемін төмендетеді ме әлде көтереді ме - сарапшылар болжамы
© Фото: zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкі ертең, яғни 2026 жылғы 23 қазанда базалық сыйақы мөлшерлемесіне қатысты кезекті рет шешім қабылдайды. Қаржы институттарының бірі бұл көрсеткіш бұрынғы қалпында қалатынын болжаса, тағы бірі төмендеуге қарай өзгеріс болатынын пайымдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
BCC Invest ертеңгі отырыста базалық сыйақы мөлшерлемесі 0,25 пайыздық тармаққа төмендеп, 16%-ға дейін түсетінін болжап отыр. Сарапшылар қатаң ақша-несие саясатын сақтай отырып, аздап төмендету тұрғысында өзгеріс болады деп сенеді.
"Инфляция баяулап келеді, бірақ үш ай бойы бұл көрсеткіштің 0,6% болуынан-ақ алда айтарлықтай төмендету болмайтынын байқауға болады. Қазан айынан бастап баға қысымының күшеюі күтіледі: бензин, дизель, табиғи газ және коммуналдық қызметтер бағасының өсуі инфляцияда әлі толық көрініс тапқан жоқ, олардың әсері желтоқсанға дейін байқалуы мүмкін. ФАО индексі бойынша әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуы қосымша тәуекел туындатуда. Демек, инфляциялық күтулер жоғары деңгейде қалып отыр, сондықтан мөлшерлемені күрт төмендету нақты пайыздық мөлшерлемені едәуір қысқартуы мүмкін. Ал өз кезегінде бұл Qz бағалы қағаздарының тартымдылығын, әсіресе теңге нығайып жатқанда резиденттер еместер үшін төмендетеді", делінген есепте.
SQIF Capital базалық сыйақы мөлшерлемесі қазіргі 16,25% деңгейінде қалады деп болжайды.
Қаржы институты сарапшылары аздап төмендеу болады дегенге жол берсек те бұлай бола қоюы екіталай екенін байқап отырғандарын айтады.
"Біздің 23 қазандағы базалық сценарийіміз – мөлшерлеме 16,25% деңгейінде сол күйі қалуы. 25 базистік тармаққа, яғни 16,00%-ға дейін төмендету болатынын жоққа шығармаймыз, алайда бұлай болуы екіталай деп санаймыз. Өйткені, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы қайтадан өсіп жатыр: қыркүйек айында жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді, алайда бағаның айлық өсімі үшінші ай қатарынан 0,6% деңгейінде сақталып отыр. ӘМАТ бойынша келіп түсіп жатқан апталық мәліметтер бұл ретте абай болуға негіз. 14 қазандағы жағдай бойынша баға бір аптада 0,2%-ға өсті: бұл ақпан айынан бергі ең жоғары өсім. Жылдық өсім 1,8%-дан 2,1%-ға дейін жеделдеді, ал жыл басынан бергі жинақталған өсім қыркүйек айының соңымен салыстырғанда 1,4%-дан 1,6%-ға дейін өсті. ӘМАТ – тұтыну себетінің тек бір бөлігі ғана, сондықтан бүкіл инфляцияның қалпын ол қамтымайды", делінген құжатта.
Бұған дейін елімізде зейнетақы жинақтары есебінен өмір бойына қалай төлем алуға болатыны түсіндірілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:57, 22 қазан 2026
Астанада жасырын ет цехы анықталды
-
20:41, 22 қазан 2026
Шығыстағы жолдардың бірінде көктайғаққа байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды
-
19:52, 22 қазан 2026
БҰҰ Бас хатшылығы: Сыртқы істер министрлігі жаңа кандидатқа қатысты мәлімдеме жасады
-
19:40, 22 қазан 2026
ШҚО-да қар құрсауында қалып кеткен жеті адам құтқарылды
-
19:06, 22 қазан 2026
Салық бойынша берешегіңіз болса, Қазақстаннан шыға алмай қалуыңыз мүмкін





