Жамбыл облысында ұртоқпақ ер адам әйелінің емінің ақысын төлейтін болды

21:49, 22 қазан 2026
MKZ: 1573883

© Сурет: pexels

Мойынқұм аудандық соты аудан прокурорынан келіп түскен, мемлекетке келтірілген материалдық залалды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам өз жұбайына орташа дәрежедегі дене жарақатын келтірілген. Зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, ем алған. Медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік қаражаттан 330 мың теңге жұмсалды.

ҚР ҚК-нің 107-бабы, 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

Алайда мемлекеттің жәбірленушіні емдеуге жұмсаған шығындары өтелмей қалған. Мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында прокурор сотқа көрсетілген соманы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.

"Сот, ұсынылған барлық дәлелдемелер мен іс материалдарын зерттеп, талаптардың дұрыстығы туралы қорытындыға келді. Сот шешімімен талап қою толық көлемде қанағаттандырылды, жауапкерден мемлекет пайдасына материалдық залалды өтеу есебінен 330 мың теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж өндірілді".Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамды өлгенше сабады деп айыпталған үш жастың ісін қарағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!