Теңге күшейді: шетелге шыққанда қазақстандықтардың ақшасы қай елдерде көбірек жетеді

16:23, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568705

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылы теңге екі рет әлемдегі ең жылдам нығайған валюта атанды. Мұны шетелге шығатын қазақстандықтар да сезіне бастады. Себебі көптеген елдердегі шығындарды теңгеге шаққанда азайған. Оның әсері қай елдерде көбірек байқалғанын Zakon.kz анықтады.

Күшті теңгенің арқасында бес рет түскі ас ішуге болады

Ұлттық банк ресми бағамын белгілейтін валюталардың ішінде (барлығы 47 валюта) жыл басынан бері теңгеге қатысты ең көп арзандағаны – түрік лирасы.

Қаңтарда бір лира 11,75 теңге тұрса, қыркүйектің басында оның бағамы 9,71 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, бұл кезеңде теңге түрік валютасына қатысты 17,36%-ға нығайды.

Бағамдағы өзгерісті турист үшін түсініктірек сандарға айналдыруға болады. Қаңтарда 100 мың теңгеге шамамен 8 511 лира сатып алуға болатын. Ал тамызда дәл сол сомаға шамамен 10 299 лира алуға мүмкіндік туды.

Айырмашылық – шамамен 1 788 лира. Бұл түріктің дәстүрлі тағамдары ұсынылатын локантаға шамамен бес рет баруға жетеді.

Бағамы төмендеген он валюта

Түрік лирасыдан кейін теңгеге қатысты ең көп нығайған валюта – Ресей рублі. Оның бағамы 6,50 теңгеден 5,58 теңгеге дейін төмендеді. Яғни теңге рубльге қатысты 14,15%-ға нығайған.

Одан кейінгі орында – тай баты. Қаңтарда оның бағамы 16,23 теңге болса, тамызда 14,07 теңгеге түскен. Теңгенің нығаюы 13,31%-ды құрады.

Келесі орында – үнді рупиясы. Оның бағамы 5,59 теңгеден 4,87 теңгеге дейін төмендеп, теңге 12,88%-ға нығайды.

Бұдан бөлек, қаңтардан бері теңгеге қатысты швед кронасы 12,35%-ға, гривна 11,95%-ға, Беларусь рублі 11,70%-ға, Польша злотыйы 11,63%-ға, Малайзия ринггиті 10,77%-ға және Молдова лейі 10,43%-ға арзандады.

Айта кетейік, Ұлттық банк тікелей бағамын белгілемейтін валюталар бойынша көрсеткіш кросс-бағам арқылы, яғни бір шетел валютасының екіншісіне қатынасы негізінде есептеледі.

Доллар мен еуро да арзандады

Бағамның өзгеруі негізгі әлемдік валюталарға да әсер етті.

АҚШ долларының бағамы қаңтардағы 507,84 теңгеден тамызда 464,55 теңгеге дейін төмендеді. Бұл теңгенің долларға қатысты шамамен 8,52%-ға нығайғанын білдіреді.

Еуроның бағамы осы кезеңде 595,43 теңгеден 538,19 теңгеге дейін түсті. Теңгенің еуроға қатысты нығаюы 9,62%-ды құрады.

Теңге ең аз нығайған валюталар:

  • Катар риалы – бағамы 129,26 теңгеден 127,47 теңгеге дейін төмендеді, яғни 1,38%-ға;
  • Оман риалы – 1 223,78 теңгеден 1 206,72 теңгеге дейін, 1,39%-ға;
  • Пәкістан рупиясы – 1,70 теңгеден 1,67 теңгеге дейін, 1,76%-ға;
  • Сингапур доллары – 394,42 теңгеден 383,81 теңгеге дейін, 2,69%-ға.

Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанда не өзгерді?

Қазақстандықтар үшін көлікпен, пойызбен немесе қысқа әуе рейсімен баруға болатын көрші елдердің валюталарындағы өзгеріс ерекше қызық.

  • Қытайдаюань бағамы 72,83 теңгеден 68,95 теңгеге дейін төмендеді. Теңге юаньға қатысты 5,33%-ға нығайды.
  • Қырғызстанда сом бағамы 5,81 теңгеден 5,31 теңгеге дейін төмендеді. Теңгенің нығаюы 8,61%-ды құрады.
  • Өзбекстанда 100 сумның бағамы 4,21 теңгеден 3,92 теңгеге дейін түсті. Теңге 6,89%-ға нығайды.
  • Тәжікстанда сомони бағамы 54,82 теңгеден 50,53 теңгеге дейін төмендеп, 7,83%-ға өзгерді.
  • Әзербайжанда манат 299,49 теңгеден 274,07 теңгеге дейін арзандады. Теңге 8,49%-ға нығайды.
  • Грузияда лари бағамы 190,55 теңгеден 180,01 теңгеге дейін төмендеді. Теңгенің нығаюы 5,53%-ды құрады.

Дегенмен валютаның бағамы өзгергендіктен ғана саяхат міндетті түрде арзандайды деуге болмайды. Ұшақ билеттерінің, қонақүйдің, тамақтанудың, көліктің, экскурсиялардың және басқа да шығындардың бағасы валюта құнына тәуелсіз өзгереді. Сондықтан туристің нақты үнемі оның шығындарының құрылымы мен баратын елдегі бағаларға байланысты.

Бұған дейін Ұлттық банк тамыз айының қорытындысы бойынша теңгенің бір ай ішінде долларға қатысты 2,6%-ға нығайып, 1 доллардың 461,57 теңгеге дейін түскенін хабарлаған. Реттеуші теңге бағамына әсер ететін факторлардың қатарында нарық қатысушыларының күтулерін, салық төлемдерін, әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайды және геосаяси ахуалды атады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!