Теміржолдағы жүк ұрлығына қатысқан қылмыстық топ сотталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Көліктегі полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүргізген ауқымды әрі жүйелі жұмыс нәтижесінде теміржол құрамдарының контейнерлерінен жүк ұрлаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.
2025 жылғы сәуірде көлік полицейлері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарынан құралған алты адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында олардың 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы сәуірге дейін "ҚХР–Еуропа" халықаралық бағытымен қатынаған пойыздардың контейнерлерінен жүктерді жүйелі түрде ұрлап келгені анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған топтың төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екені дәлелденді. Ұрланған заттардың қатарында бейнебақылау камералары, балалар арбалары және көлік бөлшектері болған. Жүк иелеріне келтірілген жалпы материалдық залал 212 миллион теңгеден асты.
Қылмыстық топтың барлық мүшелерінің кінәсі толық дәлелденіп, келтірілген залал толық көлемде өтелді. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Көліктегі полиция қызметкерлері жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық көлік логистикасы қатысушыларының мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 26 қаңтар 2026
Жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік: Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелерді көтерді
-
15:12, 26 қаңтар 2026
Қазақстан президенті үкімет пен ҰҚК-ден көші-қон есебін толық цифрландыруды талап етті
-
15:07, 26 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларын сынға алды
-
14:55, 26 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Бас прокуратурада жиын өткізді
-
14:48, 26 қаңтар 2026
Бублик Австралиядағы матчтағы атмосфера туралы екіұшты пікір білдірді





