Каспий құбыр консорциумында маңызды айлақ құрылғысының жөндеуі аяқталды
© Сурет: КҚК
2026 жылғы 25 қаңтарда Каспий құбыр консорциумы ВПУ-3 сыртқа шығарылған айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
КҚК Теңіз терминалында ВПУ-3 сыртқа шығарылған айлақ құрылғысында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жоспарлы-алдын алу жөндеуі аясында аталған құрылғыдағы су астындағы шлангтар мен иілгіш құбырлардың бір бөлігі ауыстырылды.
21 қаңтарда ВПУ-дың жүк жүйесіне гидросынақ жүргізіліп, одан кейін сүңгуірлер суасты мұнай құбырындағы соңғы манифольдті ашты. Ал 25 қаңтарда мұнайды тиеп-төгу үшін танкер айлаққа қойылды, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі мен көлемі КҚК ВПУ-2 құрылғысына экипажсыз катер жасаған шабуылдан кейін оңтайландырылған. Аталған оқиға салдарынан ВПУ-2 зақымданып, оның жұмысы тоқтатылған болатын.
"Осыған байланысты жылдық жоспарларға сәйкес мұнай жөнелтушілердің өтінімдерін орындау кемінде екі ВПУ бір мезгілде жұмыс істеген жағдайда ғана кепілдендірілетінін атап өтеміз", - делінген хабарламада.
ВПУ-3-тегі шлангтарды ауыстыру жұмыстары күрделі гидрометеорологиялық жағдайда жүргізілді. Жылдың осы мезгіліне тән суасты ағыстарының жылдамдығы жиі өзгеруіне байланысты сүңгуірлердің қауіпсіз түсуі бірнеше рет тоқтатылғанын КҚК мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта консорциумның Теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмыстары КТК ВПУ-1 және КТК ВПУ-3 арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", – деп түйіндеді компания.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:40, 25 қаңтар 2026
Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинист эвакуацияланды
-
16:02, 25 қаңтар 2026
26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
-
15:57, 25 қаңтар 2026
Алекс де Минор Бубликті 1,5 сағатта ойсырата жеңді
-
15:05, 25 қаңтар 2026
Михаил Шайдоров Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионатында бесінші орынға ие болды
-
14:44, 25 қаңтар 2026
Алматы мен Астана айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары: 25 қаңтар





