Теміртауда кісі толы автобус ағашқа соғылып, жүргізуші қаза тапты
© Фото: zakon.kz
14 қарашада сағат 10:30 шамасында Теміртау қаласында салонында 15 жолаушысы бар автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ekaraganda.kz басылымының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, 64 жастағы жүргізуші жолда келе жатқанда кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Салдарынан ол рөлге ие бола алмай қалған. Көлік тротуарды кесіп өтіп, ағашқа соғылған.
Теміртау қалалық ПБ Шығыс полиция бөлімінің бастығы Талғат Оспанов жол апаты кезінде қоғамдық көлік салонында шамамен 15 жолаушы болғанын нақтылады.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде 64 жастағы жүргізушінің жағдайы нашарлап, естен танып қалған. Соның салдарынан автобус ары қарай жүруін жалғастырып, ағашқа соғылған. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болды, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деді Талғат Оспанов.
Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 14 қараша 2026
Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті
-
17:23, 14 қараша 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:43, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды мұсылмандары рейтингісіне енді
-
16:24, 14 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
15:43, 14 қараша 2026
Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды





