Сенегалдағы жарыста семсерлесуші Айбар Қайым күміс медаль қанжығалады

18:02, 13 қараша 2026
MKZ: 1577649

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесті.

Нәтижесінде түркиялық семсерлесуші 15:6 есебімен жеңіске жетті. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 келі) және Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) күміс жүлдеге ие болған еді. Ал боксшы Марал Төлепберген (54 келі), таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) және триатлоншы Рамазан Әйнегов үшінші орын алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!