Қазақстан құрамасы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады

18:16, 13 қараша 2026
MKZ: 1577652

© Фото: zakon.kz

Қазақстан құрамасы Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды.

Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Сондай-ақ Айбар Қайым семсерлесуден күміс жүлдегер атанды.

Ал триатлоншы Рамазан Әйнегов, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.

Жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынады.

Ойындардың жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!