«Көбісі - студенттер». Үндістанда автобус жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып, 23 адам қаза тапты

20:46, 13 қараша 2026
MKZ: 1577673

© Сурет: pixabay

Үндістанның Ассам штатында шағын автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, салдарынан 23 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты жұма күні, 13 қарашада Казиранга ұлттық паркінің маңында болды. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды.

Қатты соққы салдарынан шағын автобустың талқаны шыққан. Мыжылып қалған көліктің ішінде қалып кеткен жолаушыларды шығару үшін құтқарушылардың көмегі керек болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылардың арасында сабақтан қайтып келе жатқан колледж студенттері көп болған. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр.

Үнді бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Полиция жол апаты құрбандарының жеке басын анықтап жатыр.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Алдын ала нұсқалардың бірі бойынша, жол апатына шағын автобустың жылдамдықты асыруы себеп болуы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ұлттық парк аумағындағы шектеулерге қарамастан тым жылдам жүріп, рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!