Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылы 13 қарашада көңіл айту жеделхаты мәтінін жариялады:
"Мемлекет басшысы қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен бауырлас Біріккен Араб Әмірліктері халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді".
Gulf News басылымының мәліметінше, жол апаты бір күн бұрын Фуджейра әмірлігінде болған. Жол апаты салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 30 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында БАӘ азаматтары да бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:26, 13 қараша 2026
Алматыда Тілендиев көшесін ұзартуға байланысты жекеменшіктің жер телімдері алынбақ
-
21:06, 13 қараша 2026
«Ауа райы күрт бұзылады». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:46, 13 қараша 2026
«Көбісі - студенттер». Үндістанда автобус жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып, 23 адам қаза тапты
-
20:36, 13 қараша 2026
Үш отандық спортшы дзюдодан Хорватияда өтіп жатқан Гран-при финалына шықты
-
19:53, 13 қараша 2026
Павлодар облысында 15 жылқыны ұрлады деген күдікпен бір топ адам ұсталды





