Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

17:43, 14 қараша 2026
MKZ: 1577757

© Сурет: Zakon.kz

Ақтөбе – Астрахань тас жолында полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан шетел азаматын байқады. Ер адам Бішкектен ұмра қажылығын өтеу үшін жолға шыққан. Алайда қатты жел мен жаңбыр оның сапарын едәуір қиындатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер жолаушының жағдайына бей-жай қарамай, оған қажетті көмек көрсетті.

"Сондай-ақ оны Темір ауданының Жақсымай ауылы маңында орналасқан кемпингке аман-есен жеткізді. Ол арада азамат ауа райы жақсарғанша аялдай алады. Бұл оқиға полиция қызметінің тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейтінін тағы бір мәрте көрсетті. Азаматтығы мен ұлтына қарамастан, қиын жағдайға тап болған әрбір адамға қол ұшын созу, қамқорлық танытып, қолдау көрсету де – полиция қызметінің маңызды қырларының бірі", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Павлодар облысында Қытайдың 20 азаматы ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!