Темірлан Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы ойыннан кейін алматылық клубтың қақпашысы Темірлан Анарбековтің жарақатына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жақында ғана УЕФА Чемпиондар лигасында Шотландияның "Селтигіне" қарсы өткен матчтың қаhарманы аса ауыр жарақат алып, "Ақтөбеге" қарсы ойыннан шет қалды.
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Оразбахтиннің айтуынша, Анарбековтің жақ сүйегі сынған.
"Менің қолымдағы дерекке сәйкес, Темірланның жақ сүйегі зақымданған. Біз оны белгісіз мерзімге жоғалттық. Ол алдағы Чемпиондар лигасы мен КПЛ-2025 ойындарында командаға көмектесе алмайды", - деді бас бапкер.
Темірлан Анарбековтің жоқтығына қарамастан, оның командасы "Ақтөбені" 1:0 есебімен ұтып, өте маңызды жеңіске қол жеткізді. "Қайраттың" қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмұрза сенімді қорғап шықты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 25 тамыз 2026
«Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:22, 25 тамыз 2026
Құрылтай сайлауының өтуіне орай президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр
-
21:22, 25 тамыз 2026
Біріккен Араб Әмірліктерінде екі қазақстандық қыз қаза тапты
-
21:03, 25 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
-
20:43, 25 тамыз 2026
Конгрессмен Тоқаевқа Трамптың түнде қоңырау шалып, өзіне не айтқанын жеткізді





