Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдіргендер іздестіріліп жатыр
© Сурет: Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы
Тараздың "Қарасу" шағын ауданындағы зиратта белгісіз біреулер кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдірген. Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 19 қарашада қала әкімдігі мәлімдеді.
"Биыл қала әкімдігі мен Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығы бірлесіп, мемориалды толық қайта жаңғыртып, аумағын абаттандырды. Вандализм фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз беріліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталуда", – деп хабарлады әкімдік.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен жағдай ерекше бақылауға алынды.
"Мемориалды қалпына келтіру жұмыстары да бақылауға алынды. Ескерткіш жақын арада толық қалпына келтіріледі. Тергеу аяқталған соң кінәлілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылады", – делінген әкімдік хабарламасында.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ескерткішті қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
"Қазір құқық бұзушыларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады", – деп мәлімдеді полиция.
2026 жылғы қазанда Алматыдағы жаңартылған Республика алаңында вандалдардың әрекеті қоғам назарын аударған еді. Сол кезде қала әкімдігі қала мүлкі мен абаттандыру нысандарын бүлдіргені үшін 20 АЕК-тен (86 500 теңгеден) басталатын айыппұл қарастырылғанын ескерткен. Мән-жайға қарай кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:56, 19 қараша 2026
Тоқаев су қауіпсіздігін халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың басты бағыты деп атады
-
15:51, 19 қараша 2026
Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларының көрсеткіштері қалай тексеріледі
-
15:39, 19 қараша 2026
«Балқаш-ситидегі GTA 6»: капоты ашылып, ұшқын шашқан Mercedes оқиғасына қатысты полиция түсініктеме берді
-
15:34, 19 қараша 2026
Шетелдік азаматтың Қазақстанға келгенін үш жұмыс күні ішінде хабарлау қажет
-
15:29, 19 қараша 2026
ҰҚК шекара қызметі құны 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп контрабандасының жолын кесті





