Тараз қаласының шегіне бірқатар жерлер қосылды

09:01, 5 желтоқсан 2024

© Фото: primeminister.kz

Үкімет "Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" 2024 жылғы 29 қарашадағы қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Байзақ және Жамбыл аудандарының жалпы ауданы 12 906,7 гектар болатын жерінің бір бөлігін қосу арқылы Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 17-5 бірлескен шешіміне және Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 243 қаулысына келісім берілсін.

Тараз қаласына қосылады:

  • Жам­был ауда­ны Жам­был, Қа­ра­т­ө­бе, Гро­де­ко­во, Қа­рой, Бе­са­ғаш, По­лат­қос­шы, Ақ­бұ­лым ауыл­дық округ­те­рі­нің же­рі­нен қо­сы­ла­тын жер кө­ле­мі - 11 145,5 гектар.
  • Та­раз қа­ла­сы­ның ше­ка­ра­сы­на (ше­гіне) Бай­зақ ауда­ны Қо­стө­бе, Бо­та­мой­нақ, Қы­зы­л­жұл­дыз, Бу­рыл ауыл­дық округ­те­рі­нің же­рі­нен қо­сы­ла­тын жер кө­ле­мі - 1 761,2014 гектар.

Нәтижесінде қазір Тараздың жалпы ауданы 31 693,7 га (18 787 га болған) құрайды.

Қаулы 2024 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!