Қазақстандық оқушылар халықаралық математикалық олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

10:27, 15 сәуір 2026

© Сурет: gov.kz

Францияның Бордо қаласында қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада EGMO-2026 өз мәресіне жетті. Бұл жарыста қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz 2026 жылғы 15 сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысқан.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді:

  • Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Қола медаль Которова Вера, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер – Антон Васильев пен

Марат Нсанбаев. Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.

Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!