Мемлекет басшысы Түркия Республикасының вице-президентімен кездесті
© Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген Джевдет Йылмазға ілтипат білдіре отырып, бауырлас Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне назар аударды.
"Бауырластығымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Дипломатиялық қатынас орнаған 35 жылға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті бағындырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткіземіз. Жаңа келісімдерге қол қоямыз", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада Қазақстан Премьер-министрі және Түркия Вице-президентінің тең төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия қорытындысы екі елдің сан қырлы әріптестігін одан әрі жандандыра түсетініне сенім білдірді.
Джевдет Йылмаз қазақ елінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
Сондай-ақ Президент Режеп Тайип Ердоғанның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, Түркия көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапарына және Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитіне ерекше мән беріп отырғанын мәлімдеді.
"Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында жаңа ғана Премьер-министр Олжас Бектенов мырзамен бірге Үкіметаралық сауда-экономикалық комиссиясының 14-отырысын өткіздік. Оның қорытындысы бойынша түрлі саладағы нақты шараларды іске асыратын бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл құжат алдағы кезеңге арналған сауда-экономикалық ықпалдастығымыздың жол картасына айналады", – деді Түркия Вице-президенті.
Джевдет Йылмаз жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы осы тарихи сәтте бауырлас түрік халқының қолдауын сезінгенін, Түркиядан келген байқаушылар референдумға ерекше атсалысқанын атап өтті.Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды
Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джевдет Йылмаз халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Таяу Шығыстағы күрделі ахуал жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Түркияның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап, алдағы Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 15 сәуір 2026
Неліктен еліміздегі ең ірі су қоймаларының бірінен 6,3 млрд текше метр су жіберіледі
-
17:11, 15 сәуір 2026
Тоқаевқа Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы тартылған 21,5 млрд доллар инвестиция туралы есеп берілді
-
17:11, 15 сәуір 2026
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
-
17:07, 15 сәуір 2026
Молдова ТМД-дан ресми түрде 2027 жылдың сәуірінде шығады
-
16:55, 15 сәуір 2026
Жетісу облысында аса ірі көлемде шығын келтірген алаяқтың әрекеті әшкереленді





